Кәмелетке толмағандардың ісі арнайы комиссияда қаралды

27.jpg

Түркістан облысы Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары С.Садибаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жиналысы болып өтті. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сауран ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Ж.Нигматтуллаев, тұрмыстық және балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ауданның Жастар ресурстық орталығының директоры А.Ералықызы, жасөспірімдердің аутодесруктивті мінез құлқының алдын алу бойынша Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің педагог-психологы А.Мырзатаева баяндама жасады.

Жиында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша көпшілік тарапынан тиісті ұсыныстар қабылданып, алдағы уақытта бірлесіп, жұмыс жүргізетін болды. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев қорытындылап, берілген тапсырларды уақтысында орындауды тапсырды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер