Сауранда 8 айда 2894 әкімшілік хаттама толтырылды

29.jpg

Түркістан облысы Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғ.Рысбековтың төрағалығымен Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы болып өтті. Мәжіліске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Комиссияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары А.Сапарбеков баяндама жасады.

Баяндамашының мәлімдеуінше Сауран ауданында әкімшілік айппұлды өндіру бойынша 2022 жылдың 8 ай көлемінде жалпы 2894 әкімшілік хаттама анықталып, 126 «Ескерту» шарасы көріліп, 38,630,424 тенге айыппұл салынып, нәтижесінде 18,596,263 теңге өндірілген. Сонымен қатар, жеке сот орындаушыға мәжбүрлі түрде өндіру үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманың 862 данасы жолданған. Ал, ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы бойынша 34 әкімшілік хаттама толтырлып, Түркістан қалалық мамандырылған әкімшілік сотына жолданған. Әрбір дерек бойынша 15 тәуліктен әкімшілік қамауға алынып, көлікті басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылған.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде ауыр қылмыстардың профилактикасы бойынша Сауран АПБ-нің жеке құрамы арасынан КПБ, ЖПҚБ УПИ, ТБ, ҚР ҚР-сы ІІМ-нің Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасының Сауран ауданында іске асыру бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Сауран ауданында орын алған мал, пәтер, ұялы телефон, қалта ұрлықтары сияқты бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары көптеп орын алатын жерлердің барлығына қызметкерлер бөлінген. Сонымен қатар ақша айналымы болатын базарларға сауда орталықтарына күзетшілер мен дабыл қаққыш орнату қажеттігі жайында тапсырмалар беріліп орындалып жатқанын жеткізді. Сауран ауданы арқылы өтетін жолдардан жүк артатын автокөлікерге және мал артып бара жатқан автокөліктерді тоқатып, малдардың құжаттарын тексеру нәтижесінде ҚР-сы ӘҚБтК-нің 406-бабы мен хаттама толтырылғанын атап өтті.

Мәжіліс соңында аудан әкімі Ғ.Рысбеков күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қажетті ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта бұл бойынша барлық сала бірлесіп жұмыс жүргізуді тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер