Күнә тәртібінде-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

30.jpg

Шардара аудандық әкімдігінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жиын болып өтті. Бұл туралы Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Семинарға аудан әкімінің орынбасар Б.Шомпиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, қоғамдық ұйымдар, денсаулық сақтау мекемелері, аналар кеңесі, әкелер кеңесі және жастар орталығының әр елді мекендегі мамандары қатысты. 

Семинарда алғаш сөз алған аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов отбасындағы құндылықтар мен даудың алдын алу бойынша баяндама жасап, отбасының тұрақтылығын сақтау тұрғысындағы өмірлік тәжірибелерден мысалдар келтірді. Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары О.Қалшабекова әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторы мен отбасылық зорлық-зомбылықтың аудандағы ахуалына тоқталып, орталыққа 51 нәзік жандылардың шағым түсіргенін жеткізіп, олармен қазіргі таңда жасалып жатқан жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы А.Данияров отбасындағы ер мен әйелдің құқығы мен міндеттерін айтып, отбасының бейбітшілігін сақтау ережелерін қоғамға кеңінен насихаттау қажеттігін жеткізді. Бұдан бөлек, семинарда өзін өзіне қол жұмсау және отбасындағы өзгеде әлеуметтік мәселелер қозғалды. 

Жиын қортындылай келе Б.Шомпиев қатысушыларға аудан бойынша отбасындағы зорлы-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейтіп, әр ауылдық округтер мен шағынаудандардағы қоғамдық ұйымдардың жұмысын күшейтуді тапсырды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер