«Жолда қабылдау» акциясы бастау алды

33.jpg

Түркістан облысы Отырар ауданы аумағында «Жолда қабылдау» атты республикалық акциясы бастау алды. 2022 жылдың 9-10 қыркүйек күндері аралығында өтетін аталған акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын арттыру.

Сонымен қатар, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау басты назарда болып, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру мәселелері де акцияның мақсаты болып табылады. Екі күн бойы аудан тұрғындары мен қонақтары жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары М.Бөрібеков, әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі А.Камал мен көші-қон полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Е.Айтбаевтардан қажетті кеңестерін ала алады.

Акция барысында жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлік алу, төл құжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер