Жер қойнауын пайдаланушыларға талап күшейтілді

34.jpg

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен жер қойнауын заңсыз пайдалану, қоршаған ортаны ластау мәселелері бойынша талқылау жиыны болып өтті. Бұл турпалы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Аталған шараға Түркістан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Нұржан Нұрболатұлы, аудан прокурорының орынбасары, аудандық ІІБ басшысы, аудан әкімінің тиісті орынбасары, бөлім басшылары, жер қойнауын пайдаланушы ЖШС-ның өкілдері, ауылдардың тұрғындары қатысты. 

Жиында аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев баяндама жасап, ауылдық округтерде жер қойнауын пайдаланушылар, яғни құмды-қиыршық тас, құрылыс топырағын, саз топырақ өндіріп жатқан бірқатар кәсіпкерлер тарапынан тиісті заңнама талаптарының орындалмай жатқанын жеткізді. Аудан әкімі аталған мәселелердің шешудің кезек күттірмейтінін айтып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

- Ауылдарды аралаған кезде тұрғындар жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан өрескел заң бұзушылықтардың орын алып жатқандығын алға тартқан. Арнайы мобильді топ шын мәнінде бұзушылықтардың бар екенін анықтап отыр. Оларды жою жөнінде өндіріс иелеріне бірнеше рет хат та жолданған. Нәтиже көңіл көншітпейді. Тиісті рұқсат парақтарын алмай жұмыс жүргізіп жатқан өндірістердің бар екені анықталып отыр. Тиісті талап бар. Заң бар. Тұрғындардың мәселе көтеруі бекер емес. Сондықтан, жер қойнауын пайдаланушылар заңсыздыққа жол бермеу керек. Бұл ұдайы бақылаудағы мәселе, - деді аудан басшысы. Ал, экология департаменті басшысының орынбасары Нұржан Нұрболатұлы кәсіпкерлерге санитарлық қорғау аймақтарынан шықпауды ескертіп, өндіріс орындарында сапалы қатты отын (көмір) пайдалану, мүмкін болса газдандыруды ертерек қолға алу керектігін айтып, мұржаларға заманауи фильтрлер орнатудың бүгінгі күннің талабы екенін жеткізді. Сондай-ақ жиында ауыл тұрғындары да сөз алып, өздерінің талап-тілектерін білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер