Фермадағы өрт бойынша тергеу жүргізілуде

12.jpg

Түркістан облысы Түлкібас АПБ-ға аудандағы ауылдардың бірінің жанында орналасқан фермада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Түлкібас АПБ-нің 10-нан астам полиция қызметкері, өрт сөндірушілер мен прокуратура өкілдері шықты.

Тексеру барысында анықталғандай, 18.09.2022 жылы таңғы сағат 3:30 шамасында жергілікті тұрғындардың фермасында белгісіз жағдайда өрт шыққан. Салдарынан шөп қоры сақталған екі сарай өртенген. Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Шығын көлемі анықталуда.

Қазіргі уақытта Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Бүгінде орын алған оқыс оқиғаны анықтап, қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Олармен өрттің нақты себептерін айқындау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде.


Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер