Кәнігі ұры қолға түсті

13.jpg

Түркістан облысында бірнеше үйге ұрлыққа түсіп, ақшаларын жымқырған жас жігіт ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, түнгі уақытта оның үйіне белгісіз біреу ағаш терезесін бұзып, әйнектерін алып тастау арқылы кіріп, ұрлыққа түскен. Содан ұры бөтеннің үйіне заңсыз еніп, жатын бөлмеде тұрған сөмкесінен 260 000 теңге ақшасын және тиын жинағышын (копилкасын) қолды еткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Арадан 20 күндей уақыт өткенде полицияға тағы бір жергілікті тұрғын хабарласып, дәл осындай ұрлықтың құрбаны болғанын жеткізді. Яғни ұры оның үйіне де ұрлыққа түсіп, 200 000 теңгедей ақшасын және тиын жинағышын (копилкасын) жымқырып кеткен. Аталған жайтты бірден тіркеуге алған полицейлер, іздестіру шараларын күшейтті. Екі жайтты да бір күдікті жасауы мүмкін екенін алға тартып, сол бағытта жұмыс жасады. 

Нақтырақ айтсақ, Сауран АПБ-ның жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторы Ерхат Мұсаев, тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Куәлардан жауап алып, қылмыс орнын мұқият тексерді. Соның нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің түр-әлпеті анықталып, оның аты-жөні мен тұратын мекенжайы белгілі болды. 

Тәртіп сақшылары өзгенің ақшасын жымқырған жұмыссыз жергілікті тұрғынды ұстап, АПБ-ге жеткізді. Жас жігіттен айғақты зат ретінде қораға жасырып қойған ақша алынды. 

Анықталғандай, күдікті жәбірленушілердің үйінде ешкім жоқтығын пайдаланған. Ал копилкадағы тиындарды ірілетіп алған. Ақшаның бір бөлігін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өздерінің бағалы заттарына, әмиян мен оның ішіндегі ақшаларына, ұялы телефон мен алтын бұйымдарына сақ болуды ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер