Жасөспірім жүргіншіні қағып кетті

18.jpg

Түркістан облысында көлік басқарған жасөспірім жол апатын жасап, жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

16 қыркүйекте сағат 09:00 шамасында Ордабасы АПБ-ға Қайнар ауылы көшелерінің бірінде жол апаты орын алғаны туралы хабарлама түсті. Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. 

Полицейлер тексеру кезінде, «LADA 211440» маркалы көлік жүргізушісі, яғни жасөспірім жігіт Шымкент бағытына қарай бара жатып, басқару жүйесін игере алмай, жол шетіне шығып кеткенін анықтады. Осы сәтте жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында (тротуар) кетіп бара жатқан жасөспірім қызды қағып кетіп, жол апаты орын алған. 

Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған қыз жедел жәрдеммен орталық ауруханаға жеткізілу барысында қайтыс болған. Ал жасөспірім көлік жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Белгілі болғандай, жасөспірім жігіт әкесінің үйде жоқтығын пайдаланып, көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. 

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» тергеу амалдары жүргізілуде. 

Осы ретте Түркістан облысының полицейлері барша көлік жүргізушілеріне ескертеді, әрдайым жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Бұл өзіңіздің де өзгенің қауіпсіздігі үшін маңызды! Сондай-ақ көлік басқаруға арналған куәлігіңіз болмаса, темір тұлпар тізгіндеуге болмайтынын естен шығармаңыз. 

Құрметті жүргізуші: жолда жүргенде жылдамдықты асырмай, бағдаршамның түсіне баса мән беріп, жол ережесіне мұқият болыңыз! 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер