16 мылтық тәркіленді

19.jpg

Түркістан облысының полицейлері аң аулау ережесін бұзудың 80-нен астам жайты анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жыл сайын Түркістан облысы ПД табиғатты қорғау тобының полиция инспекторлары, браконьерлікпен күрес, экологиялық қылмыстар мен табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған түрлі жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізуде.

Сонымен қатар полицейлер рейдтік іс-шаралар кезінде заңсыз айналымнан тіркелмеген 16 дана аңшы мылтығын тәркілеп алды. Сондай-ақ аң аулау ережелерін бұзудың 80-нен астам дерегін анықтады. Оның ішінде 32 құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігі "Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, қалғандарына ескерту берілді.

Мәселен мүдделі органдармен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында, жыл басынан бері браконьерлікке байланысты 2 экологиялық қылмыс тіркелген. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға табиғатты және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңнамасын қатаң сақтауды ұсынады. Егер де, сіз, осындай құқық бұзушылықтарға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер