Ағаш кесушілерге қарсы шара басталды

3.jpg

Түркістан облысының полицейлері ағаштарды күтіп-ұстау қағидаларын бұзу және заңсыз кесудің 60 жайтын анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғатты қорғау тобының полицейлерімен ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, оның ішінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуді анықтау және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары жыл басынан бері ағаштарды заңсыз кесудің 3 жайтын тіркеді. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жиналған материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері заңсыз кесілген 6 текше метрден астам ағашты тәркіледі.

Бұдан басқа, жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзудың 57 құқық бұзушылығы анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы "Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 6 құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды, қалғандарына ескерту жасалды.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері күз мезгілінде сексеуіл және басқа да ағаштарды отынға заңсыз кесудің алдын алу мақсатында, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және табиғатты қорғау бойынша іс-шараларды жалғастыруда.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер