Арзан аламын деп, алданып қалмаңыз!

4.jpg

Полицейлер алаяқтыққа қатысы бар Сайрам ауданының тұрғынын анықтады.

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу ватсап желісі арқылы тұрмысқа қажетті тауарларды арзан бағада, яғни 20 дана кілем мен 2 дана кір жуғыш машинасын әкеліп беремін деп ақша алған. 

Алайда ақшаны қалтасына басқан күдікті хабарсыз кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел іске кірісті. 

Тәртіп сақшылары жедел шаралардың нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар жергілікті тұрғынды анықтады. Ол жұмыссыз, Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты. 

Анықталғандай, күдікті өз арам ойын іске асыру үшін жергілікті тұрғынды интернет арқылы алдап, алған ақшаны бас пайдасына жаратқан. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтармай жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Бұл ретте әрине жәбірленуші өз ақшасын қайтарып алу мақсатында, полицияның көмегіне жүгінді. 

Бүгінде анықталған орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да жайтқа қатысы бар жоғы анықталуда.

Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер