Шетел азаматы шекарада есірткімен ұсталды

7.jpg

Түркістан облысында «Линда» атты қызметтік ит шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш АПБ-ға «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда «Линда» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан «Opel Agila» маркалы автокөлікті көріп, үріп белгі береді.

Содан полицейлер күдік тудырған көлікті байқап, бірден тоқтатып тексереді. Нәтижесінде автокөлік капотының ішінен қағазға оралған есірткіге ұқсас зат табылады. Ол көлік жүргізушісіне тиесілі зат болып шықты. Сараптама оның «гашиш» есірткісі екенін растады.

Сондай-ақ орта жастағы азаматтың Қырғызстан елінің тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз тасымалдағанға қатаң жаза көзделгенін ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер