«Несие шығарып беремін» деп, сан соқтырды

8.jpg

Полицейлер «қолма-қол несие алып беремін» деп, тұрғынды алдаған алаяқ әйелді анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Созақ АПБ-ға жергілікті тұрғынның арызы келіп түскен. Онда жәбірленуші ер адам, танысының қолма-қол несие шығарып беремін деген сөзіне сеніп, соңында алданып қалғанын жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Күдіктіні анықтау мақсатында, созақтық қырағы полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, әрекетке көшті. Нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жұмыссыз әйел, жергілікі тұрғын болып шықты. 

Белгілі болғандай, сезікті әйел жәбірленушінің атынан қолма-қол несие шығарып, жәбірленушіге атыңнан несие шықпады деген жалған ақпарат берген. Содан арадан 1 ай уақыт өткенде жәбірленушіге банк тарапынан несиеңізді төлеңіз деген хабарлама келеді. Ал күдікті әйел алаяқтық жолмен тапқан ақшасын құмар ойындарға жұмсап жіберген. 

Сондай-ақ сезіктінің бұдан басқа тағы бір тұрғынның атынан несие шығарғаны анықталды. Жәбірленушілерге келген шығын 500 мың теңге. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер