«Жер әперемін» деген алаяқ ұсталды

15.jpg

Түркістанда алаяқтық жасаған азамат анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, жақын танысының 10 соттық жер телімін алып беремін деп сан соқтырып кеткенін көрсеткен. Осылайша алдау жолымен 2021 жылдың шілде айында оның 850 мың теңге ақшасын алған. Алайда осы күнге дейін не жер алып бермеген, не ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Жедел-тергеу тобының іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын анықталды. 

Белгілі болғандай, күдікті заңсыз әрекет жасау үшін түрлі өтірік сөздерін айтып, жәбірленушіден ақша алған. Ал сезікті алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтайтын болады.  

Полиция қызметкерлері тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынған кез-келген адамға сенбеңіз деп ескертеді. Алаяқтықтың куәсі не құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер