Түркістан облысы Төлеби ауданында сыбайлас жемқорлықтың кез- келген көріністеріне қарсы күресті арттыру тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы Төлеби аудандық әкімдігі хабарлады.
Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметкерлері, бөлімге қарасты мекеме басшылары және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың кез- келген көріністеріне қарсы күресті арттыру» мақсатында семинар болып өтті.
Мемлекет басшысы 1 ақпандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте «Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру - барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы. Азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейтіп, жүйелі түрде жүргізу қажет» - деп нақтылап айтты.
Жемқорлыққа қарсы саясат 3 негізгі кешенді бағыттан тұрады:
Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және қылмыстық тергеп-тексеру.
Қылмыстық тергеп-тексеру, сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең соңғы сатысы.
Бастапқы 2 бағыт аясында жасалып жатқан шараларға тиісті назар аударылмаса, дер кезінде алдын алмасаңыздар, жемқорлық салдарлары көптеген адамның жарқын келешегіне балта шабуы әбден мүмкін.
Конституцияда, Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең - деп көрсеткен. Заң бұзушылық жасаған адамға, заңда тиісті жауапкершілік қарастырылған.