«Азаматтық алып беремін» алаяқ ұсталды

20.jpg

Түркістан облысында Қазақстан азаматтығын алып беремін деп алаяқтық жасаған күдікті анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, Өзбекстан елінен Қазақстанға көшіп келген. Осы кезде оған белгісіз біреу Қазақстан азаматтығын алып беретінін айтып, қызметі үшін 125 мың теңге алған. 

Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сенген, алайда ол не ақшасын қайтармаған, не құжатын жасамаған. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында жәбірленуші азамат полицейлердің көмегіне жүгінді. 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Шардара АПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған ер азаматты анықтады. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті шет елден енді қоныс аударған азаматтың төлқұжатының жоқтығын біліп, өз арам ойын жүзеге асырған. Ал ақшаны бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды. Белгісіз азаматтарға ақша аудармауды және бермеуді, сенбеуді қатаң ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер