Заңсыз ойынхананың жолы кесілді

05f71a7606d79aac8b5e6307b570ac0f_original.233732.jpg

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында заңсыз ойынхана бизнесін анықтады. Нақтырақ айтсақ тәртіп сақшылары, Кентау қаласы көшелерінің бірінен жұмыс жасап тұрған заңсыз ойынхана бизнесін тапты. Полицейлер аталмыш ғимараттан 17 процессор, 20 монитор, 5 телевизор мен өзге де техникаларды тәркіледі. Бүгінде полицейлер осы орынды жалға берушіні анықтап, сол арқылы күдіктіні айқындауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен тіркелді. Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ойын мекемесін заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар берудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер