Полицейлер көмегімен жол белгілері жаңартылуда

0401.jpg

Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, соңғы үлгідегі бейнебақылау камералары қойылып, жол белгілері жаңалануда, тіпті кейбір көшелерге қажеттілігіне қарай жаңа таңбалар қойылуда.

Осы ретте Ордабасы аудандық Полиция бөлімінің полицейлерімен аудан көлемінде жол қауіпсіздігін жақсарту, жол инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде жол жүрісін реттеудің және бақылаудың зияткерлік жүйелерін енгізу бойынша бірқатар профилактикалық іс-шаралар іске асырылуда. Мысалы, Ордабасы ауданынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-15 «Ақбұлақ-Бадам-Төрткөл» автомобиль жолындағы Ақбұлақ мектебі алдына және ауылға кіретін жолына жасанды жол кедергісі қойылды. Сондай-ақ Қараспан ауылдық округіне Көлтоған, Төреарық, Қараспан ауылы мектептері алдына жаяу жүргіншілер өткелі сызылып, жасанды жол кедергісі мен жол белгілері қойылды.

Оған қоса Бөген ауылынан шығатын екі бағытта жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасанды жол кедергісі орналастырылып, Қайнар ауылы ішінде Дулат пен М.Әуезов мектептері алдына, Қайнар дәрігерлік емханасы алдына жолаушыларға арналған жолақтар сызылды. Темірлан елдімекеніне кіреберіс екі бағытта жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында тиісті жол белгілері қойылды.

Осылайша жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшіліктер жойылып, қауіпті аймақтар анықталып, қажетті жұмыстар атқарылуда. Бейбіт күнде жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз іске асырыла бермек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер