15 күнге қамалып, 7 жылға сотталды

0604.jpg

Мақтаарал аудандық полици бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторлары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстарды үнемі өткізіп отырады. Осындай кезекті тексеріс кезінде, полицейлердің назарына жүрісі күдікті, жарық шамын жақпай, қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «ВАЗ 2106» маркалы автокөлігі ілінді.

«Атакент-Мырзакент» тас жолында анықталған көлік, полицейлермен бірден тоқтатылды. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын қарау барысында, оның алкогольдік ішімдік ішкені күмәнданды. Медициналық зерттеу қорытындысы жүргізушінің «жеңіл дәрежелі» мас екенін растады.

Осылайша жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593, 602, 230-баптарымен үш бірдей хаттама толтырылды. Сондай-ақ мас күйде көлік тізгіндегені үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» тіркеуге алынды.

Жүргізушіге қатысты жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде көлік иесі 15 күн әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқармауды қатаң түрде ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер