Көршісінің атынан несие рәсімдеп алған жігіт қолға түсті

31qTO1Vx2jEFwXnwBLp3fhSdljqJ7dCSOeAnUhg0.jpg

Жетісай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс біреу оның атынан 900 мың теңгелік «iPhone» ұялы телефонына тауарлық несие шығарып алған. Яғни жәбірленуші банктен хабар келгенде, өзге біреудің несие алғанын біледі. Содан жергілікті тұрғын тез арада жетісайлық тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. Аталған жайтты полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Жетісай ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің телефонын уақытша сұрай тұрып, тауарлық несие шығарған. Содан оны қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажеттілігне жұмсаған. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Өз кезегінде жәбірленуші әйел полицейлерге алғысын жаудырды: «Несиеге қатысты мәселе туындағаннан полицейлерге арыздандым. Мұндағы балаларым іздестіру жұмыстарын жақсылап жүргізіп, соның нәтижесінде күдіктіні анықтады. Осыған байланысты аналық жүрегіммен рақметімді айтамын! Жұмыстарың алға баса берсін, Алла разы болсын!»-деп атап өтті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер