Есігінің алдына есірткі еккен әйел анықталды

0603.jpg

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, есірткі затын өсіру, баптау, тасымалдаумен айналысушаларды анықтау, жолын кесу мақсатында жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Осы аралықта полицияға мақтааралдық тұрғынның бірі өз ауласына есірткі өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша тіркеуге алды. Ақпаратты растау негізінде Түркістан облысы Полиция департаментінің әуеге ұшатын камерасы (дрон) алдырылды. Аталмыш құрылғымен Мақтаарал ауданына қарасты елдімекендер мен «Сырдария» өзенінің жағалаулары, тоғайлы және егістік алқаптарында тексеру жұмыстары тыңғылықты жүргізілді.

Соның нәтижесінде полицейлер ауласында есірткі егілген үйді анықтады. Күдікті орта жастағы әйелдің ауласына тінту жүргізу барысында, үш түп есірткіге ұқсас өсімдік айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолданды. Нәтижесінде алынған зат «сора» есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда сезікті жалғызбасты әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға, тек салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер