Кәсіп ашуға көмектесемін деп, 5 тұрғынды алдап ұсталды

0705.jpg

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсірді. Әйел өз арызында, танысы «кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін» деп сендіргенін жеткізді. Сонымен қатар аталмыш алаяқ, жәбірленушіге Шымкент қаласынан жер телімін алуға көмектесемін деп те уәде берген. Танысының сөзіне сенген тұрғын, оған екі миллион теңге берген.

Алайда ақшаны алған сезікті ұшты-күйлі жоқ болған, хабарласқанымен түрлі сылтаулар айтып, тіпті бір жылға жуық уақыт өткізген. Алаяқтық жолмен тұрғынның ақшасын алып, уәдесін орындамаған күдіктіні ұстау мақсатында келестік қырағы полицейлер іске кірісті. Жәбірленуші тараптан сұрастырды. Жан-жақты ақпарат жинақтады. Соның нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ оның тағы бірнеше тұрғынды алдағаны белгілі болды.

Анықталғандай, күдікті таныстарына мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп, жалған уәде берген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Жұмыссыз күдікті жалпы 5 тұрғынды алдап, 6 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер