Құжатсыз мал тасымалдаған 7 жүргізуші жауапқа тартылды

1111.jpg

Жетісай аудандық полиция бөлімінің кызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында, мал және ет өнімдерін тасымалдаушы көліктерді қатаң бақылауға алған. Яғни ауданның маңызы бар жолдарында төрт түліктің құжаттары жіті тексерілуде. Мал базарға рейдтiк тексерiс жұмыстары жүргізілуде.

Осындай тексеру шаралары нәтижесінде, мал базарға сатуға әкелген ірі-қара және ұсақ малдарының құжаттары жоқ, сырғаланбаған деректер анықталды. Бұл бойынша мал иелерiне түсiндiру жұмыстары жүргiзiлiп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша 7 әкiмшiлiк хаттама толтырылды. Іс құжаттары жинақталып, заңды шара қолдану үшін аумақтық ветеринария инспекциясына жолданды.

Жалпы шара барысында 20 автокөлік тексерілді. Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз мал тасымалдау, белгіленбеген орындарда бөлшектеу мен малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында, атқарылып жатқан жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер