Төрт пәтер тонаған ұры қамауға алынды

0702.jpg

Төлебилік полиция бөліміне тұрғындардың бірі арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу түнде үйіне терезе арқылы кіріп, ақша мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Ұрлықты ашу мақсатында тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұрын сотты болған ер адам. Күдікті кезекпен діттеген 4 үйге ұрлыққа түсіп, жәбірленушілерге 5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұры жәбірленушілердің үйінен жымқырған алтын бұйымдар мен ақшаның бір бөлігін өз қажеттілігіне жұмсап, қалғанын сатып жіберген. Айғақты зат ретінде күдікті ер азаматтан ұрланған теледидар алынды. Күдікті қамауда. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің пасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер