Шөп артқан жүк көлікті өртеп қамалды

1109.jpg

10 қыркүйек күні кешкі сағат 21:50 шамасында Сайрам аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне ауыл көшелерінің бірінде шөп артып алған "ГАЗ 53" маркалы жүк көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден шықты. Тәртіп сақшылары анықтағандай, белгісіз біреу Бәйдібек ауданының тұрғынына тиесілі 280 пресі бар жүк көлігін өртеп жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 6 миллион теңгеге жуықтайды.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырды, куәлардан жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде жедел уәкілдер, жүк көлігіне келіп, ондағы шөпті өртеп жіберген күдікті адамның бейнесін тапты. Ол от қойғаннан кейін орындыққа отырып, өртті бақылаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйінде белгісіз себептермен жәбірленушінің көлігін өртеп жіберген.

Қазіргі уақытта аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер