Полиция баланы тауып анасымен табыстырды

1108.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында қолға алынған жүйелі жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Алматыдан тапты. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.

Жетісай полиция бөліміне түнгі сағат 03:00 шамасында Жылысу ауылының тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Айтуынша 13 жасар баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Анасы баласын іздеп жүргеніне 2 тәулік болған. Нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.

Жетісайлық полицейлер хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы Алматы қаласындағы туысқанының үйінен тапты. Белгілі болғандай жоғалған бала отбасындағы дау-дамайға байланысты үйінен кетіп қалған.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан ана, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

– Менің балам түскі уақытта белгісіз бағытқа шығып қайта оралмады. Өзім іздеп таба алмаған соң полицейлерден көмек сұрадым. Ал Жетісай ауданынынң полицейлері баламды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын, – деді баласымен қайта қауышқан ана.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер