Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында қолға алынған жүйелі жұмыстар нәтижесінде өткен сенбі-жексенбі күндері Түркістан облысының Ордабасы ауданында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара кезінде түрлі құқық бұзушылық жасаған 60 тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар полицейлер жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, Қараспан ауылы Темірлан-Арыс тас жолының бойында қараусыз жүрген малдарды (жақын жерде нақты мал қамайтын орын қарастырылмағандықтан) жылқыға мініп, жолдың жағасынан тоғайға қарай айдап шықты.
Сонымен қатар малдарын қараусыз, бос жібермеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2 құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабымен «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу» әкімшілік хаттама толтырылды.