Велосипед ұрлап күдікке ілінді

1204.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында қолға алынған жүйелі жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысында велосипед ұрлаған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, құрылысқа қажетті заттар сататын дүкеннің алдында құлыптаулы тұрған 70 мың теңгелік велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Мақтааралдық тәртіп сақшалары хабарлама келіп түскен бойда жедел іске кірісті. Ұрлықты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, күдікті анықталды. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ішімдік алу үшін жеңіл жолмен ақша табуды көздеген. Велосипед айғақты зат ретінде алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері өздеріңіздің жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер