Шетелдікті соққыға жығып тонаушы қолға түсті

1203.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында қолға алынған жүйелі жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысында шетел азаматын ұрып-соғып жеке куәлігін тартып алған жас жігіт ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда шетел азаматын белгісіз біреу ұрып-соғып, жеке куәлігін тартып алғаны көрсетілген. Бұл жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді.

Сарыағаштық тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, бұрын сотты болған күдікті жергілікті тұрғын ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт Өзбекстан азаматынан шекарадан өткізіп беру үшін ақша талап еткен. Алайда шетел азаматы оған қарсылық білдірген. Сол сәтте екеуі сөзге келіп, сезікті жәбірленшінің жеке куәлігін алып, оны соққыға жыққан. Содан жәбірленушіге дене жарақатын салған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияға хабарласыңыз


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер