Көші-қон заңнамасын бұзған 10-нан астам жайт анықталды

1307.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында ұйымдастырылған "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасында 8 құқық бұзушынының ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.

Жетісай ауданы аумағында заңсыз көші-қон қызметінің алдын алу, жолын кесу мақсатында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мәселен, жетісайлық полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігімен 8 құқық бұзушыны анықталып, оларға қатысты іс құжаттар жинақталып, Жетісай аудандық сотына жолдады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 3-бөлігімен 2 құқық бұзушы, 519-бабы 1-бөлігімен, яғни “Шет ел азаматтарын заңсыз жұмыс күшіне пайдалану" бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырды.

Жалпы Жетісай ауданының полицейлерімен бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғаса береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Италия мен Түркістан бірлескен жобаларды жүзеге асырады
  • Мақта кластері—жаңа кірісі көзі, жаңа мүмкіндік
  • Түркістан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты
  • Түркістанда су үнемдеу жүйелерін өндіретін төрт ірі кәсіпорын жұмыс істейді
  • Ауыз су –стратегиялық ресурс
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер