Полицейлер жоғалған 330 бас малды тауып иелеріне қайтарды

1305.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында қолға алынған жүйелі жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысында полицейлер жоғалған 330 бас малды тауып, иелеріне қайтарып берген. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысында жыл басынан бері 204 дерек мал ұрлығы тіркелсе, оның 67-сі қорадан ұрланып, 137-сі жайылымнан кеткен. Сонымен қатар түркістандық тәртіп сақшыларының жедел шараларының нәтижесінде, жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 14 қылмыстық топ құрықталды. Олардың 76 дерекке қатыстылығы анықталды. Жалпы облыс бойынша ағымдағы жылы 868 төрт түлік ұрланса, оның ішінде 330-ы табылып, өз иелеріне қайтарылған.

Жоғарыдағы статистикалық мәліметтен көріп отырғандарыңыздай, мал ұрлығының басым көпшілігі тұрғындардың салғырттығынан орын алады. Яғни жайылымдарға қараусыз жіберілген үй жануарлары ұрылардың оңай олжасына айналады. Сондай-ақ құжатсыз мал тасымалдайтын көліктер де мал ұрлығы қылмысының орын алуына себепкер болып жатады.

Осыған байланысты облыс полицейлері қылмыстардың алдын алу үшін рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тіпті мал тасымалдайтын жүк көліктері мен автокөліктерді, мал сойып ет өңдейтін орындарды да тексеруді назардан тыс қалдырған емес.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер