Үйден ұялы телефон ұрлаған жігіттер ұсталды

Screenshot_5.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында қолға алынған жұмыстар Түркістан облысында жүйелі жүргізіліп келеді. Түркістан облысының Түлкібас аудандық Полици бөліміне жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде хабарласқан. Жәбірленуші ер адамның айтуынша бөлмесінде тұрған «Рoco X3» және «Samsung» маркалы ұялы телефондарын түнгі уақытта белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін көрсеткен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шаралардың барлығын жасап, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде тәулік ішінде күдікті 2 азамат анықталды. Олар жұмыссыз жергілікті тұрғын, яғни жас жігіттер болып шықты.

Белгілі болғандай күдікті екеу жәбірленушінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, қуаттағышта тұрған ұялы телефондарды жымқырып, іздерін суытқан. Содан сезікітілер оңай жолмен пайда таппақ болып, ұялы телефондарды таныстарына сатып жіберген.

Бүгінде қолды болған ұялы телефонның бірі иесіне табысталды. Қазіргі таңда ұрлық жайтына қатысты тергеу жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер