«Тойота» алып беремін деп алдап 25 млн алған әйел анықталды

1702.jpg

Сарыағаш полициясына Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша өзінің танысы жеңілдетілген несиемен «Тойота 55» маркалы автокөлік алып беретінін айтып, 2 миллион 500 мың теңгесін алып кеткен. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті де, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында, күдікті деп танылған жұмыссыз әйелді анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушіні алдап, ақшасын қалтасына басқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болумен, жақын таныс емес азаматтарға сенбеу қажеттігін еске салады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жаңа пәтерлер пайдалануға беріледі
  • Сарыағаш индустриалдық аймағы: Шикізаттан дайын өнімге дейін
  • Түркістанда гүл өсіру өнеркәсіптік деңгейге көтерілмек
  • Түркістан облысында жаңа өндірістік жобалар қолға алынуда
  • Ауыз су: Ендігі міндет қызмет сапасын көтеру
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер