Жайлаудан мал ұрлағандар қолға түсті


Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлға оның жайылымда қараусыз жүрген құны 300 000 теңге болатын 1бас сиырын түнгі уақытта ұрлап кеткен. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.

Ұрыны ұстау мақсатында учаскелік полицейлер оқиға орнына бірден жетті.

Тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі тәулік ішінде күдікке ілінген 2 ер адам ұсталды. Олар жұмыссыз Сайрам ауданының тұрғындары.

Белгілі болғандай күдіктілер ешкімнің жоқтығын пайдаланып, өзінің жүк көлігіне сиырды тиеп, әлдебіреуге сатып жіберген. Сонымен қатар күдіктілердің бұдан басқа тағы бір жайт мал ұрлықтарына қатысы бары расталды. Қазіргі таңда сезікті деп танылған азаматтар қамауда. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер