Жолаушыдан травматикалық қару оқтарымен тәркіленді

1803-1.jpg

Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жергілікті тұрғынның бірі өзімен қару алып жүруі мүмкін деген хабарлама келді. Ақпарат алысымен Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы полицейлері бірден іске кірісті. Содан түнгі сағат 01:30 шамасында Бейімбет Майлин көшесінде «MATIZ» маркалы көлікті тоқтатты.

Анықталғандай, көліктегі жолаушының бірі күдікті болып шықты. Одан әрі полицейлер жолаушыға тінту жүргізіп, одан қару, яғни тапанша мен 4 дана оқ, 1 дана күкірт қорапшасына салынған "марихуана" есірткісіне ұқсас затты тауып, тәркілеп алды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді.

Куәлардың қатысуында алынған қару, травматикалық тапанша екені белгілі болды. Сараптама тағайындалды. Бүгінгі таңда күдікті жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер