Көші-қон заңнамасын бұзған 602 азамат анықталды


Түркістан облысының полицейлері "Заңсыз келуші" жедел-профилкатикалық іс-шарасының 7 тәулігінде "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзған 602 шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде облыс аумағында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша барлығы 408 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сот шешімімен 40 шетелдік елден шығарылды, ал 39 құқық бұзушы жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.

Сондай-ақ шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз берген Қазақстан Республикасының 157 азаматы мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 28 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысатын 7 шетелдік анықталды. Ал мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 фактісі расталып, қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысының полицейлері "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табатынын жеткізеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Италия мен Түркістан бірлескен жобаларды жүзеге асырады
  • Мақта кластері—жаңа кірісі көзі, жаңа мүмкіндік
  • Түркістан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты
  • Түркістанда су үнемдеу жүйелерін өндіретін төрт ірі кәсіпорын жұмыс істейді
  • Ауыз су –стратегиялық ресурс
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер