15 адамды ақшасын алған алдап бойжеткен ұсталды

1902.jpg

Түркістан полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның әйелін жақын таныс емес жас қыз алдап кеткен. Яғни алаяқ, 2021 жылы аукционнан қомақты ақша шығарып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 800 мың теңге ақша алған. Алайда арадан 1 жыл уақыт өтсе де, сенген адамы не уәдесін орындамаған, не алған ақшасын қайтармаған. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі түркістандық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті бойжеткен тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз, Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, бойжеткен оңай жолмен ақша табу мақсатында, аукционнан қомақты ақша шығарып беремін деп тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы 15 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 4 миллион теңгеге жуық. Бойжеткен қыз қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда жас қыз қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер