Темекі ұрлап тергеліп жатыр

1901.jpg

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге шықты. Анықталғандай әккі ұрылар дүкенге кіріп, 350 дана электронды темекі құрылғыларын жымқырған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын қарап шығып, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде ақпарат көздері арқылы, күдікті ретінде 2 жергілікті тұрғын анықталды.

Яғни күдікті екі дос қылмысты алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған.

Олар таңғы сағат 05:30 шамасында дүкенге терезе арқылы кіріп, темекі құрылғыларын ұрлап, таныстарына сатқан. Бүгінде сезіктілерден айғақты зат ретінде ұрланған электронды темекілер алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сезіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер