Жол апатына ұшыраған көлік жанып кетті

2001.jpg

20 қыркүйек күні сағат 10:51 шамасында Ордабасы аудандық полиция бөліміне «Шымкент-Самара» тас жолында жол апаты орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.

Анықталғандай, «Nissan Elgrand» автокөлігінің жүргізушісі Түркістан қаласына қарай бағытына қарай келе жатып, өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан «Mersedes Bens» маркалы жүк көлігіне, одан соң жол ортасындағы қоршауға соқтығысу арқылы жол-көлік оқиғасы орын алған. Көлік сол жерде өртенген. Салдарынан «Nissan Elgrand» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал бір жолаушы ауруханаға жатқызылған.

Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Екі автокөлік те айыптұраққа қойылды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы анықталуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер