Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген полиция қызметкерлері 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай мәдени азық болар арнайы іс-шара ұйымдастырды.
Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан орталық музейге барып, ішкі істер органынан зейнеткерлікке шыққан ардагерлердің өмірбаяны, сондай-ақ қызмет көрсету барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы мәліметтермен танысты.
Жиында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ел үшін еңбегімен танылған азаматтардың еңбек жолы жайлы сұхбаттасты. Тарихи орынға саяхат кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері аға ұрпақтың дәстүрінде тәрбиелеу, музей жұмысының рөлін арттыру мақсатында орамды ойлары ортаға салынды. Тәртіп сақшыларының ерліктері полицейлерге таныстырылып, сабақтар ұйымдастырылды.
Жалпы жас ұрпақты мәдениет, өнерге баулып, рухани бағытта сусындатуда мұндай іс-шаралардың берері мол. Сондықтан Түлкібас ауданында полицейлердің қатысуымен алдағы уақытта мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұратын болады.
“Республика» мерекесіне орай Отырар ауданының қызметкерлері мәдени азық болар арнайы іс-шара ұйымдастырды. Яғни полиция қызметкерлері Отырар қаласында орналасқан Отырар мемлекеттік архелогиялық музейіне барып, еліміздің тарихымен батыр бабаларымыздың ерліктерімен танысты.
Сонымен қатар қазақ елінеің құрылуына қатысты тарихи оқиғалар мен қызықты мәліметтер біле алды.
Жалпы, жас ұрпақты мәдениет, өнерге баулып, рухани бағытта сусындатуда мұндай іс-шаралардың берері мол. Сондықтан Түркістан облысында полицейлердің қатысуымен алдағы уақытта тұрақты өткізіліп тұрмақ.
Созақтық полицейлер мереке қарсаңында музей аралады
“Республика” мерекесіне орай Созақ ауданының полиция қызметкерлері мәдени азық болар арнайы іс-шара ұйымдастырды. Яғни полиция қызметкерлері С. Қожанов атындағы орталық музейге барды. Жиын барысында музей директоры Ниязәлі Дүйсенбек Омарбекұлы полицейлерге. ішкі істер органында ұзақ жылдар қызмет атқарған Дүйсенбекұлы Омарбектің өмір тарихын түсндіріп өтті. Сондай-ақ қызмет көрсету барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы мәліметтермен танысты.
Тарихи орынға саяхат кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері аға ұрпақтың дәстүрінде тәрбиелеу, музей жұмысының рөлін арттыру мақсатында орамды ойлары ортаға салынды. Тәртіп сақшыларының ерліктері жастарға таныстырылып, ерлік сабақтары ұйымдастырылды.