Ел қауіпсіздігіне қызмет еткендер марапатталды

2201.jpg

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген 70-ке жуық полиция қызметкері марапатталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылдан бастап, 25-қазан «Республика күні» ретінде аталып өтіледі. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі, ең үлкен мемлекеттің мереке етіп бекітті. Осыған орай Түркістан облысы Полиция дкпартаментінің мәжіліс залында мерекелік шара ұйымдастырылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастау алды. Сондай-ақ мерекелік бейнеролик көрсетілді. Алғашқы құттықтау сөзін алған Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов әріптестерін құттықтады.

– Құрметті әріптестер, бүгінгі айтулы мереке құтты болсын!

Барлықтарыңыздың қызметеріңізге сәттілік тілеймін. Әрқашан елдің тыныштығын сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда мінсіз қызмет ете беріңіздер! Республикамызды қылмыссыз ету жолында аянбайық!деп Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов тәртіп сақшыларын ел қауіпсіздігін қорғауды жалғастыруға шақырды.

Одан кейін салтанатты шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерді облыстың бас полицейі марапаттады. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен «Кезектен тыс полиция полковнигі» арнаулы атағын полиция подполковнигі Еркеғали Мейірбеков алды. Ал, «Бір саты жоғары полиция подполковнигі» арнаулы атағын полиция майоры Нұрбол Сейітбеков иеленді. Сонымен қатар, «Кезектен тыс полиция майоры» Еркебұлан Опабековке тапсырылды. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» меедалімен полиция подполковнигі М.Бердиев, полиция аға лейтенанты Н.Утешов наградталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Грамотасымен 2 қызметкер, «Алғыс хатымен» 4 қызметкер марапатталды.

Оған қоса «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен полиция полковнигі Әшімхан Мырзаханов, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Мұхамеджанов, полиция капитаны Дулат Асқар, полиция аға лейтенанты Нұрахмет Түймебай наградталды. Ал, Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасын 16 қызметкер, Алғыс хатын 13 қызметкер иеленді. Сондай-ақ 18 қызметкерге Түркістан облысы Полиция департаментінің Алғысы жарияланды.

Айта кетсек, 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы күні мемлекеттің егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ендеше тәуелсіздігіміз тұғырлы, мереке құтты болсын! Көк туымыз көкте желбірей берсін!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер