Ел қауіпсіздігімен Республика күні егіз!

2402.jpg

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Полиция департаментінде «Республика күніне» орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің ғимаратында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы ұлттық мерекенің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған профессор, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев, Түркістан қаласы ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев, ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің мүшелері Сейсенбеков Айтбай, Баймурзаев Ералы қатысты. Сонымен қатар Полиция департаментінің жеке құрамы да белсене атсалысты.

Естеріңізге сала кетейік биыл, Ұлттық құрылтай отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Республика күнінің» мәртебесін қалпына келтіріп, оны ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Мемлекет басшысы: «Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды»-деп атап өткен болатын.

Сондықтан дөңгелек үстел шарасына қатысушылар Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық мерекенің тарихи маңызын талқылады. Еліміздің салт-дәстүрі, мәдениеті, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ іс-шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері, еліміздің әл-ауқаты мен дамуын қамтамасыз етуге тәуелсіздік алған жылдары бағытталған экономикалық және саяси реформалар көптеп жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Жиын соңында жиналғандарға 25 қазан Республика күніне арналған бейнеролик көрсетілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер