Ел қауіпсіздігін қорғаған полицейлер марапатталды

2501.jpg

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген полиция қызметкерлері марапатталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісайлық полицей "Ерлігі үшін" төсбелгімен марапатталды. Республика күніне орай Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Салтанатты шарада полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков құттықтау сөзін арнады: "Республика күні-егемендігіміздің, елдігіміздің жарқын бейнесі. Осы тұста ел тыныштығын сақтауға қысы-жазы, күні-түні қызмет еткен полицейлердің еңбегін де айтыр өтуге болады. Яғни ішкі істер органдары саласында жылдар бойы қызмет етіп, еңбегі сіңген ардагерлер мен қоғамда бүгінгі күннің батырларына айналған тәртіп сақшыларының ерліктеріне айрықша тоқталғым келеді. Әсіресе қызметтік міндетін адал атқарып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген полиция капитаны Аян Хайруллаев, «Ерлігі үшін» төсбелгісін иеленіп отыр. Ендеше осындай ержүрек полицейлер қатары көп болсын!"-деп атап өтті.

Атап өтсек, тілсіз жаудан егде жастағы әйелді құтқарған Жетісай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Аян Хайруллаев, «25 қазан – Республика күні» мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. Төсбелгіні Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ полицейлер ұйымдастырған мерекелік іс-шарада 62 ІІО ардагері, сонымен қатар полиция бөлімінің 45 қызметкері "Алғыс хатпен" марапатталды. Жиын соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен ұласты.

«25 қазан - Республика күні» мерекесіне орай полицейлер марапатталды

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы Есімжан Надиров мәжіліс залында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай марапаттау рәсімін өткізді. Жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған 10 полицейді “Алғыс хатпен” марапаттады.

Яғни полиция бастығы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде атқарған жұмыстары үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

“Республика күні” мерекесіне орай Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің 20-ға жуық қызметкері марапатталды.

2022 жылдың 25 қазанында Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында бәйдібектік полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Республика” күніне арналған кең ауқымды мерекелік іс-шара болып өтті. Мәжіліс зал төрінде шырқалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні мерекенің еліміз үшін қаншалықты мән-маңыздылығын сездіргендей болды.

Бұл іс-шараны Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрдәулет Әжібеков ашып, жеке құрамды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар полиция бастығы салтанатты түрде қызметінде абыройлы және кәсіби біліктілігімен танылған 20-ға жуық қызметкерді марапаттады.

Яғни полиция бастығы елімізді қорғауда аянбай тер төгіп жүрген полицейлерге алғыс айтты.

Келестік полицейлер «Республика» күні мерекесін атап өтуде

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдерінде «Республика» күніне қатысты салтанатты шаралар өтуде.

Бұл мерекелік іс-шараға, Келес АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәттар Отыншиев қатысып, жастар орталығының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары ішкі істер органында елеулі еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерді де назардан тыс қалдырмай, еңбектерін ескеріп, құттықтады.

Іс-шара барысында полиция полковнигі С.Отыншиев қызметтерін адал атқарған 18 қызметкерге алғыс хат табыстады. Сонымен қатар келестік полицейлер ерекше игі бастамамен өз қаражаттарына азық-түліктерді сатып алып, өзінің қызметтік борышын атқару барысында қауіпті індеттен қайтыс болған полиция лейтенанты Мұхтар Сарыбаевтың отбасына арнайы барып, сый сияпаттарын табыстап қайтты.

Өз кезегінде марқұмның анасы Каримаш Сарбаева мереке қарсаңында тосын сый жасап және өмірден өтсе де жүректен өшірмей, ұлының отбасына қамқорлық білдірген полицейлерге шексіз алғысын жеткізді.

Ішкі істер органынан зейнеткерлікке шыққан кәсіби маман

Жетісай ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков пен жеке құрам қызметкерлері ҚР ІІО-да өз қызметін абыроймен атқарған полиция майоры Амангелді Бекмановты құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Бөлімде арнайы шара ұйымдастырылып, ардагерге сый-сияпаттар табысталды.

Амангелді Бекманов алғашқы еңбек жолын 1996 жылы Жетісай ауданының ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып бастаған. Ол өз қызметінде талай атышулы істерді абыроймен, кәсіби шеберлікпен ашып, басшылық тарапынан марапат-мадақтарға ие болған. Өзінің кәсібилігімен қызметке жаңадан орналасқан жас мамандарға үлгілі ұстаз бола білді. Әрдайым қызметте қажетті ақыл-кеңестерімен бөлісіп, әріптестерінің шыңдалуларына септігін тигізді.

Абыроймен құрметті демалысқа шыққан қызметкерге Жетісай АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков өзінің жүрек жарды лебізін жеткізді.

«Республика күні» ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлері марапатталды

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполкковнигі Алмас Серікбаев, «Республика күні» мерекесі қарсаңында еңбегі елеулі, халыққа қалтқысыз қызмет еткен азаматтарды марапаттады. Нақтырақ айтсақ, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Таңатбаев, кеңес мүшелері, ардагерлер Бағазы Бейсалиев, Жұмағұл Омаров, Бауыржан Бүркітбаевтарды зейнет жасына шықса да, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, аудан қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз еткендері үшін «Алғыс хатпен» марапаттады. Сонымен қатар жеке құрам қызметкерлерінің арасында мінсіз қызмет еткені үшін 25 қызметкер марапатталды.

Жиын кезінде ардагерлер жеке құрамға «Республика күнінің» мән-маңызы туралы айтып өтті. Яғни полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, жас қызметкерлерге кәсіби біліктілігін көтеруге көмектесу, шұғыл қызметте өздері өткен қызмет жолының тәжірибесін беру, тәртіп сақшыларының моральдық-психологиялық жағдайын жақсарту, патриоттық сезімдерін көтеру мақсатында баяндамалар жасалып, дәрістер өткізілді. Осылайша мерейлі мереке пайдалы ақыл-кеңестерге толы кездесумен жалғасты.

Ал, арыстық полицейлер мерекеде көпбалалы анаға көмек көрсетті. Арыс ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында Республика күніне арналаған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты іс шараның алғашқы сөз кезегін полиция подполковнигі Мырзахметов Алмас Келдібекұлы ашып, жеке құрамның қоғамдық тыныштықты сақтаудағы жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар полиция бастығы 10-ға жуық қызметкерді марапаттап қызметеріне абырой тіледі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары 5 баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға көмір мен күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктерді табыстады.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер