Полиция жоғалған баланы үйіне қайтарды

2601.jpg

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген полиция қызметкерлері жоғалған 8 жасар баланы үйіне қайтарды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қалалық полиция басқармасына түскі сағат 14:30 шамасында қала тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Әйелдің айтуынша азанғы уақытта мектепке кеткен Рамазан есімді 8 жасар ұлы үйіне қайта оралмаған.

Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының қызметкері полиция капитаны Медет Тұрсынбек хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Мектеп оқушысын табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицейдің жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында, небары 5 сағат ішінде бала 2 шақырым жердегі балалар ойнайтын алаңқайдан табылды.

Осылайша, жоғалған бала ата-анасына аман-сау күйінде тапсырылды. Тәртіп сақшысының анықтауынша ойын баласы мектептен шығып, достарымен ойнап жүріп, үйден 2 көше ары қарай кетіп қалған.

Өз кезегінде баланың анасы полицейдің қырағылығына риза болып, алғысын білдірді. «Мен, мектепке кеткен баламды жоғалтып алдым. Содан соң полиция қызметкерлеріне хабарластым. Полицейлер дер кезінде баламды тауып берді. Осы полицейге алғысым шексіз.»-деп жүрекжарды сөзін арнады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер