Заңсыз мал тасыған азаматтарға хаттама толтырылды

2704.jpg

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген полиция қызметкерлері құжатсыз, таңбасыз мал тасымалдаған 600-ден астам азаматқа әкімшілік хаттама толтырды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің жедел-қызметтік жұмысындағы басым бағыттарының бірі бөтен мүлікті ұрлаудың, оның ішінде мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу болып табылады. Бұл бағыттағы негізгі іс-шаралар 2021-2023 жылдарға арналған "Мүлікті қорғау жөніндегі" ведомстволық бағдарламасы жоспарының тармақтарын орындау шеңберінде іске асырылуда.

Аталмыш мал ұрлығының алдын алу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы, поилция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен үшжақты келісімшарт түзу бойынша жұмыстар іске асырылуда. Сонымен қатар мал базарларда ветеренария қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар атқарылуда.

Рейд кезінде полицейлер облыс төңірегіндегі мал бағатын қожалықтарды, үйлерді аралап, таңбалау-сырғалау жұмыстарын қадағалап, құжаттарын тексеруде. Ауылдар мен аудан аралығындағы жол қатынастарында мал тасымалдаушы көліктерді бақылауда. Мәселен осындай атқарылған жұмыс нәтижесінде базарларға құжатсыз, сырғасыз малдарды әкелген азаматтарға Қазақстан әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша 637 хаттама толтырылған.Сондай-ақ мал ұстаушы облыс тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін малдарын қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды, түгел таңбалап-сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер