250 дана «Трамадол» тәркіленді

2705.jpg

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген полиция қызметкерлері тұрғыннан психотроптық дәрінің 250 данасын тәркілеп алды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алуда тәулік бойы, үзіліссіз қызмет етуде.

Мәселен, Келес аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшыларына «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы кезінде жергілікті тұрғынның бірі үйінде құрамында есірткісі бар, сатуға тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданады деген ақпарат келіп түсті. Хабарлама бойынша полицейлер тұрғынның жеке басын анықтап, одан жауап алды. 50 жастан асқан тұрғыннан құрамында есірткісі бар 250 дана «Трамадол» дәрілерін тапты.

Тәртіп сақшылары ер азаматқа заңға қайшы дүниелерді қолдануға болмайтындығын, оның денсаулыққа қауіпті екендігін түсіндірді. Аталған дерек Келес аудандық полиция бөліміне тіркеуге алынды. Полиция тарапынан жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер