Несие алып беремін деп тұрғындарды алдаған

2706.jpg

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген полиция қызметкерлері қайтарымсыз несие әперемін деп тұрғындарды алдаған әйелді анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кентау қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне бірнеше қала тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғаны туралы шағым түсірген. Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, бейтаныс әйел оның сеніміне кіріп, мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесуге уәде берген. Содан кейін алаяқ алаяқтық жолмен 300 мың теңгеден астам ақшаны алдап алып, ұшты-күйлі жоқ болған.

Аталған жайт Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Сол күні полицияға алаяқтықтың айла-амалдарына тап болған тағы бірнеше жәбірленуші арызданған.

Қылмысты ашу және алаяқты ұстау мақсатында, полицейлер жан-жақты жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Тәртіп сақшылары қабылдаған шаралардың нәтижесінде күдіктіні анықтады. Аталмыш жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдікті әйел алаяқтықтың 6 дерегіне қатысы бар болып шықты. Ол қайтарымсыз несие алып беремін деген сылтаумен Кентау қаласының тұрғындарынан ақша алған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 1,7 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер