12 жүргізушінің жол ережесін бұзғаны дронмен анықталды

drone.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері дронның көмегімен 1 тәулікте жол ережесін бұзған 12 жүргізуші анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуда үнемі рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқаруда. Мәселен күні кеше Сарыағаш ауданына қарасты республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жібек жолы» тас жолы бойында дрон кешенді жүйесін пайдалана отырып, жұмыстар жасады.

Әуеге ұшырылған бейнебақылау құрылғысы жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан жүргізушілерді анықтады. Нәтижесінде 1 тәулік ішінде 12 жүргізуші анықталып, шара көрілді. Яғни жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 2-бөлігі «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу» бойынша 12 хаттама толтырылып, 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ шара аясында көлік жүргізушілеріне қарсы қозғалыс жолағына шықпау керектігі ескертілді. Алдағы уақытта да бұл тексеріс авариялық-қауіпті учаскелерінде жалғасын таба бермек. Аталмыш шара жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде оң септігін тигізеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер