2022 жылдың 28 қазанында Түлкібас аудандық полиция бөліміне кезекші бөліміне «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының 651 шақырымында жол апаты орын алғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Оқиға орын алған жерге Түлкібас АПБ полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Анықталғандай, Шымкент қаласының тұрғыны өзінің басқаруындағы «Renault» маркалы жүк көлігімен Алматы қаласы бағытынан Шымкент қаласына келе жатып, өзімен бір бағытта жүріп келе жатқан «Mazda 626» маркалы көлігінің артқы бөлігінен соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Салдарынан «Mazda 626» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері бұл жайт Түлкібас аудандық полиция бөліміне бірден тіркелді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.