Қарызынан құтылу үшін адам өлтірген

3004.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері өзеннен табылған әйелдің өлімін ашты. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 10 қазанында Төлеби ауданының полиция бөліміне Ақсу өзенінде мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Оқиға орнына бірден полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты.

Полицейлер қаза тапқан адамның жеке басын анықтады, ол Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Еңбекші аудандық полиция басқармасына әпкесінің хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша туыстары арызданғаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (кісі өлтіру) қылмыстық іс тіркелді және сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер, осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің көршісі болған Төлеби ауданының тұрғынын ұстады. Белгілі болғандай, ақшалай қарыз қылмысқа себеп болған. Қарызды қайтармау үшін күдікті көршісінен құтылуға шешім қабылдап, алдау арқылы жәбірленушіні Ақсу өзеніне апарып, жартастан итеріп жіберген. Алған жарақаттарынан әйел қылмыс орнында қайтыс болған.

Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетіне өкінетінін жеткізді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер